Білім беру жүйесінде буллингтің алдын алудың шетелдік және отандық тәжірибесі


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 991

Авторлар

  • Ж.Е. Абдыхалықова
  • А.Ж. Баймуханова
  • Ж. Абдуллаева
  • А.Ш. Муталиева

Аңдатпа

Мақалада білім беру жүйесіндегі буллингтің алдын алу бойынша
шетелдік және отандық тәжірибесіне талдау жасау арқылы мектеп буллингінің
алдын алу мүмкіндіктері қарастырылды. Шетелдік тәжірибенің негізінде бірнеше
мектеп буллингінің алдын алу бағдарламалардың тиімділігі, қызметі, бағыттары,
ерекшеліктері қарастырылып, салыстырмалы талдау жасалынды.
Зерттеудің барысында шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге теориялық
талдау және жүйелеу, логикалық, жалпылау, ғылыми педагогикалық өнімдерді талдау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Авторлар зерттеу нәтижесінде мектеп буллингінің алдын алуға арналған
бағдарламаларда педагогтердің сабақтағы буллинг және жәбірленуші болу деңгейін
төмендететін кең ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру аясындағы
рөлінің маңыздылығын айқындады. Соның негізінде педагогтер тарапынан мектеп
буллингінің алдын алуға арналған ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

25.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдыхалықова, Ж. ., Баймуханова, А., Абдуллаева, Ж., & Муталиева, А. (2023). Білім беру жүйесінде буллингтің алдын алудың шетелдік және отандық тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 145(4), 261–272. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/357

Журналдың саны

Бөлім

Психология