Жаратылыстану пәндері мысалында білім алушылардың өзіндік жұмысы ретінде бейнежазбалар жасау тәжірибесі
Қаралымдар: 231 / PDF жүктеулері: 418
Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын
білім беру үдерісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
мүмкіндіктері қарастырылған. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды
пайдалана отырып жаратылыстану пәндері бойынша білім алушылардың өзіндік
жұмысын ұйымдастыру және оның тиімділігін анықтау мақаланың мақсаты болып
табылады. Бейне жоба әдісі негізінде бейнежазбаларды топтық жұмыста құру бірлескен
оқытудың тамаша түрі болып табылады, бірақ олар бакалавриат деңгейінде негізгі
ғылыми тұжырымдамаларды оқытуда кеңінен қолданылмайтындығы мақаланың
өзектілігін анықтайды. Авторлар бейнежоба әдісін дайындық, зерттеу, талдау,
техникалық, демонстрациялық, рефлексия кезеңдерін қамтитын білім алушылардың
өзіндік жұмысының тапсырмасы түрінде ұйымдастыру бір топ артықшылықтарға
иелік ететіндігін мәлімдей отырып, оны жаратылыстану пәндері бойынша
берілетін сабақтарда, сол сияқты сабақтан тыс уақыттарда да тиімді пайдалануға
болатындығын көрсетеді. Мақалада әр кезеңді ұйымдастыру бойынша авторлардың
ұсыныстары беріледі. Бейнежазбаны жүзеге асыру барысында білім алушылардың ісәрекеттерін іс-тәжірибе, ғылыми-зерттеу кәсіпорындарымен байланыстыру жолдары
қарастырылады.
Бейнежазба тапсырмасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауда білім
алушылардың көзқарасы ескерілген. Мақалада авторлар бейне жоба әдісі жаратылыстану
пәндері бойынша оқу үдерісінің тиімділігін едәуір арттырады, білім алушылардың
инновациялық медиатехнологияларды қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік
береді, кәсіби құзыреттіліктерін, соның ішінде ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін
қалыптастырады деген тұжырымдар келтірген.