Шетелдік студенттердің Қазақстандық жоғары оқу орнына бейімделуі


Қаралымдар: 130 / PDF жүктеулері: 275

Авторлар

  • Б.Ж. Санбаева
  • К.А. Есенова

Аңдатпа

Шетелдік студенттердің Қазақстандық жоғары оқу орнына бейімделу көп
қырлы үдеріс. Шетелдік студенттердің университеттік ортаға бейімделуін, жаңа
климаттық жағдайларға, уақытқа, жаңа білім беру жүйесіне, жаңа қарым-қатынас
тіліне, жаңа елдің мәдениетіне бейімделуін зерттеу.
Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық
әдебиетттерге талдау жасалып, тура және жанама бақылау жасалып, сауалнама
әдістері қолданылды. Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
шетелден келген 1 курстың 42 студентіне 8 ай көлемінде сырттай бақылау жүргізіп,
сауалнама әдісі арқылы университеттік ортаға бейімделуіне зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі бойынша шетелдік студенттердің Қазақстандық жоғары оқу
орнына әлеуметтік және педагогикалық бейімделу үдерісі және оқу барысында
туындайтын мәселері анықталды. Жоғары білім беру орындарында шетелдік
студенттердің әлеуметтену ерекшеліктеріне тіл, білім, жатақхана сияқты негізгі
факторлармен бірге педагогтармен өзара қарым-қатынасы және т.б. әсер ететіні
зерттелді.
Эмпирикалық әдістерді пайдалана отырып шетелдік студенттердің Қазақстандық
оқу орнына бейімделуге кедергі болатын мәселелерін анықтап оны шешу жолдарын
ұсындық.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Санбаева, Б., & Есенова, К. (2023). Шетелдік студенттердің Қазақстандық жоғары оқу орнына бейімделуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 422–433. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/401

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану