Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру ерекшеліктері
Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 211
Кілт сөздер:
коллаборация, консорциум, цифрлы білім беру платформалары, цифрлы құзыреттілік, цифрлы оқыту технологиялары, инновациялық-ақпараттық банк қоры, нетворкингАңдатпа
Ақпараттар ағыны толастаған жаңа ғасырда Қазақстан
Республикасында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім
беру ортасын құру арқылы инновациялық ғылыми-зерттеу жұмысын
жүргізе алатындай болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін
қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Мақалада коллаборативті педагогикалық білім беру жүйесінде цифрлы білім
беру ортасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері ашылып,
инновациялық-технологиялық және желілік-әдістемелік аспектілері
анықталып, жүзеге асыру тетіктері қарастырылады.
Сондай-ақ, мақалада жоғары педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау
жағдайындағы «коллаборация» ұғымының мәні, мазмұны жан-жақты
ашылады, оған жаңаша сипаттама беріледі: кооперация – ұжымдасу (бірігу);
коммуникация – байланыс жасау; координация – үйлестіру; креативтілік –
табысты іс-әрекеттілік.
Коллаборациялық ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері,
коллаборациялық өзін-өзі басқарудың маңыздылығы, ынтымақтастық пен
өзара әрекеттесудің желілік формалары айқындалады.
Қазақстандық ЖОО-дың ынтымақтастығы негізінде инновациялық
ғылыми-зерттеулер жүргізе алатын, цифрлы-креативті құзыреттілігі
қалыптасқан болашақ педагогтерді даярлау мақсатында ҚР-да ЖОО-аралық
коллаборативті цифрлы білім беру ортасын қалыптастырудың моделі
ұсынылады, коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құрудың мазмұны
ашылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.