Қазақстанда қазіргі білім берудегі әлеуметтік педагогтың қызметі
Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 91
Кілт сөздер:
әлеуметтік педагог, әлеуметтену, психологиялық жайлылық, атаулы көмек, әлеуметтік-педагогикалық қолдауАңдатпа
Мақалада жалпы білім беретін мекеменің әлеуметтік педагогының жұмысы және қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелер қарастырылды. Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі мазмұны айқындалды. Бұл бағыт бойынша Қазақстан және шетел ғалымдарының еңбектері сараланды. Мектептегі әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны бойынша зерттеу жұмысына талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша негізінен әлеуметтік педагогтың жұмысы әртүрлі есептер мен басқа да қағаз құжаттарына тәуелді деген қорытынды жасалды. Сондықтан, осындай ауқымды жүктемеге байланысты әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қолдауды қажет ететін оқушыларға атаулы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Мақала авторлары психологиялық-педагогикалық көмек көрсету кезінде нәтиже бере алатын білім алушылармен жұмыстың заманауи түрлеріне ұсыным әзірледі. Әлеуметтік педагогтың оқушылармен педагогикалық қызметінің негізгі аспектілері айқындалды. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құзыретті маманның қатысуын талап ететін проблемалар ерекшеленді. Авторлардың пікірінше, маңызды мәселе - әлеуметтік педагогтың мектеп мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, әсіресе ата-аналармен өзара әрекеттесуі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.