Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығы
Қаралымдар: 101 / PDF жүктеулері: 126
Кілт сөздер:
болашақ педагог-психолог, цифрлы құзыреттілік, цифрлы білім беру, білім берудегі цифрлық трансформация, цифрлық сауаттылық, медиасауаттылық, компьютерлік сауаттылықАңдатпа
Цифрлық технологиялар білім беру жүйесінде білімге қолжетімділік шекарасын кеңейтіп, оның негізінде виртуалды зертханалар, дәрістік бейне курстар, онлайн-курстар құрылып, мобильді электрондық білім беру ресурстары белсенді пайдаланылуда. Мақалада білім беру саласының қызметкері ретінде педагог-психологтардың цифрлық сауатты болуының маңыздылығы қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, педагог-психологтың цифрлы сауатты болуы – кейінгі өскелең ұрпақты әлеуметтік-психологиялық қолдау және оңтайлы бейімдеу, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетуді тек бетпе-бет қарым-қатынас арқылы ғана емес, цифрлы байланыс арқылы да тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зерттеуде цифрлық сауаттылықтың – ақпараттық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, медиасауаттылық, коммуникативті сауаттылық, инновация және технологиялық өзгерістерді ендірудегі сауаттылық сынды негізгі бес деңгейі сипатталды. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында ғылыми әдебиеттердегі цифрлық сауаттылық ұғымына талдау жасалып, аталған мәселенің тарихы мен оны қарастырған отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Сондай-ақ болашақ педагог-психолог өз қызметінде цифрлы сауаттылықты қалай пайдалана алатындығы туралы да қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенттерінің цифрлық сауаттылығын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, олардың нәтижелері талданды. Зерттеу барысында болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлы даму алаңы» тәжірибелік орта жұмыс жасады. Зерттеудің тәжірибелік кезеңі мамыр және қыркүйек айларында жүргізіліп, екі айдағы сауалнама нәтижелері салыстырылып, аралық динамикасы анықталды. «Цифрлы даму алаңының» ойдағыдай нәтижелері есепке алынып, болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылықтарын арттырудың одан өзге де жолдары қарастырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.