Болашақ бастауыш сынып мұғалімін оқытудың интербелсенді құралдарын пайдалануға даярлаудың алғышарттары
Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 11
Кілт сөздер:
мұғалім, бастауыш сынып, дайындық, интербелсенді құралдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.Аңдатпа
Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қазіргі таңда бiлiм беру жүйесiнің Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететiн негiзгi факторларының бiрi екені, тәуелсіз мемлекетімізде жеке тұлға тәрбиелеу ісіне аса көңіл бөлу қажеттігі, жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде оқытудың тиімділігін арттыру мәселесі баяндалған.
Келесі бөлімде зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге және басқа да отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне, ғылыми зерттеулерге талдау жасалынып, соның нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін интербелсенді құралдарды қолдануға даярлауды жүзеге асыру проблемасының деңгейі, жоғары оқу орындарында білімгерлерге білім берудің сапасын арттыруда интербелсенді құралдарды қолданудың маңыздылығы мен ерекшеліктері қарастырылған. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін интербелсенді құралдарды қолдануға даярлаудың әдістемелік жолдары, педагогикалық эксперимент барысы баяндалып, оның статистикалық нәтижелері диаграммалар арқылы берілген.
Қорытынды бөлімде теориялық және эмпирикалық зерттеу негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интербелсенді құралдарды қолдануға дайындығының нақты жағдайын анықтауға және интербелсенді құралдарды қолдануға дайындығын қалыптастырудың алғышарттарын анықтауға бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.