Критериалды бағалау педагогикадағы заманауи бақылау-бағалау қызметі ретінде
Қаралымдар: 266 / PDF жүктеулері: 839
Аңдатпа
Мақала бүгінгі күні оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылау және
тексеру үшін қолданылатын жалғыз жүйе болып табылатын критериалды бағалауға арналған. Сондай-ақ, жаңа бағалау жүйесі бойынша баға қою жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімін
бағалаудың бұрынғы дәстүрлі жүйесімен салыстырылады. Оқыту, кері байланыс және бағалауға байланысты мақсаттар мен міндеттер қойылады. Критериалды бағалаудың мақсаты білім алушыларды
оқыту нәтижелері туралы ақпараттың объективтілігі, сенімділігі ретінде сипатталады, сонымен қатар
оқушылардың ойлауының жоғары деңгейін дамыту мақсаты туралы сұрақтар туындайды. Мақалада
Қазақстанның білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу кезеңдері туралы айтылады, ол бағалаудың
жаңа жүйесін енгізумен қатар жүреді. Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында қалыптастырушы
және жиынтық бағалауды талдау, критерийлер мен дескрипторлардың рөлі сияқты зерттеу әдістері көрсетіледі. Бақылау және салыстыру арқылы бағалау критерийлері мен бағалау құралдарын Блум таксономиясы, зияткерлік карта, заманауи қосымшалар, тестілеу дизайнерлері арқылы практикалық қолдану
танымдық оқытуға, шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға көмектеседі деп айта аламыз.