Жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы: негізгі факторлар
Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 71
Кілт сөздер:
цифрландыру, білім беруді цифрлық трансформациялау, цифрлық құзыреттер, инновациялар, smart-университеттер, технологиялар, ғылым мен жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау стратегиясы, цифрлық ресурстар.Аңдатпа
Осы мақала жоғары білім берудің цифрлық трансформациясы мәселесіне арналған.
Университеттерді цифрландыру студенттерді оқытуда инновациялардың тиімділігін арттыруды,
ЖОО-ның ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту үшін цифрлық технологияларды пайдалануды
көздейді. Жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері цифрлық
технологияларды оқытуда, ғылыми зерттеулерде және басқаруда тиісті түрде қолдануы тиіс.
Зерттеу мәселелерін шешу үшін автор білім беруді цифрландыру және цифрлық
трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыстарды талдады.
Бұл мақалада мынадай әдістер қолданылды: білім берудің цифрлық трансформациясы мәселесі
бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау және жалпылау, нормативтік құқықтық актілерді зерделеу.
Жұмыста пәнаралық жазықтықтағы теориялық тәсілдерді талдау негізінде жоғары білім
берудің цифрлық трансформациясының негізгі факторларын анықтауға әрекет жасалды. Негізгі
факторлар ретінде: цифрлық білім беру ортасын, білім беру платформаларын дамыту және
педагогикалық модельдеу; IT-ресурстарды қайта жарақтандыру; білім беру процесінің барлық
қатысушыларында цифрлық құзыреттіліктерді қалыптастыру; виртуалды (цифрлық) білім
беру ортасын құру; білім беру кеңістігін ұйымдастырудың дербестендірілген модельдерін енгізу;
жоғары білім беруге виртуалды шындық технологияларын енгізу; мекеменің ғылыми-техникалық
қызметінің нәтижелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін білім беру мекемелерінің инновациялық
әлеуетін арттыру және т. б.
Мақалада цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын: цифрлық модельдеуді; цифрлық
сервистерді дамытуды; инфрақұрылымды жаңғыртуды; деректерді басқаруды; кадрлық әлеуетті
басқаруды; цифрлық технологиялар мен платформаларды енгізуді; цифрлық ортаны құруды және
т. б. т. б. айқындауға тиіс Қазақстан Республикасының ғылымы мен жоғары білім беруінің цифрлық
трансформациясы стратегиясын әзірлеу қажеттігіне баса назар аударылады.