Төртінші өндірістік революция кезеңіне өтудегі еңбек нарығының трансформациясы
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 75
Кілт сөздер:
төртінші өндірістік революция, экономикалық әлеуметтану, еңбек нарығы, еңбек нарығының трансформациялануы, цифрландырылған экономика.Аңдатпа
Цифрлік экономиканың дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап
отырған салалардың бірі – еңбек нарығы болып табылады. Еңбек нарығы қоғамның
экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда
ғылыми-техникалық жаһандану процесінің ықпалына ұшыраған әлем қыр-сыры
толық ашылмаған тенденциялармен кездесіп отыр. Мұндай тенденциялар
нәтижесінде қоғамда алып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер еңбек
нарығына айтарлықтай әсерін тигізіп отыр. Бұл процестің орын алуын ғылымда
“Төртінші өндірістік революцияның” басталуымен байланыстырады. Еңбек
нарығын цифрландырудың нәтижесінде адамзат классикалық еңбек дағдысынан
жаңа трансформацияланған еңбек қатынастарына өту кезеңін бастап кешіп отыр.
Осындай өтпелі кезеңдегі өзгерістерге байланысты әр мемлекет жаһанданудың
талаптарын қанағаттандыруды алдыңғы қатарлы мақсаттардың біріне айналдырып
отыр. Сол себепті заң жүзінде бекітіліп үлгермеген, алайда қоғамда, әлеуметтік
ортадағы тәжірибеде қарқынды іске жүзеге асырылып, қолданылып отырған заманның
жаңа талаптарын білу өзекті болып отыр. Мақалада ғылыми-техникалық прогресс
салдарына бейімделген еңбек нарығындағы теңсіздік пен цифрландыру нәтижесінде
кездесетін талаптар мен тәуекелдер қарастырылады. Зерттеу барысында еңбек
нарығының классикалық моделінен қысқа мерзімде жаңа жаһандық моделіне
өтуіне әсер еткен факторлар анықталып, нәтижесінде туындайтын тәуекелдер
анықталады. Адами капиталдың жаңа еңбек моделіндегі рөліне назар аударған
жөн. Классикалық әлеуметтанушылардың зерттеген бейімделу теориясының
цифрландырылған еңбек нарығында қолданылуы өзекті. Еңбек моделінің жаңа нұсқасы
білікті мамандардың жетіспеушілік мәселесін туындатып отыр. Ал классикалық
еңбек нарығындағы біліктілігі төмендеу мамандардың жаңа дәуір талаптарына сай
бола алмауына әлеуметтік жағдайының, психологиялық күйінің өзгеруімен қатар, ел
экономикасының дәрежесіне де ықпалын тигізуде.