Аралас оқытудың дидактикалық мәселелері


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

  • С.М. Бахишева Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3532-5705
  • Ш.Т. Таубаева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3761-5263
  • З.Г. Мұхтар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4129-3412
  • Ж.С. Кажиакпарова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9897-9418

Кілт сөздер:

цифрлық қоғам дидактикасы, классикалық дидактика, аралас оқытудың дидактикасы, педагогикалық дизайн, оқытудан – оқыту дизайнына көшу, педагогикалық дизайнды жобалау құзыреттіліктері.

Аңдатпа

Бұл мақалада цифрлық қоғамдағы дидактика мәселелері қарастырылды, аралас оқытудың дидактикасын анықтау бойынша теориялық және практикалық зерттеулер талданды, дәстүрлі және цифрлық білім беру ресурстарын біріктірудегі педагогикалық дизайнның рөлі анықталады. Зерттеудің мақсатына аралас оқытудың дидактикалық құралы ретінде педагогикалық дизайнды әдіснамалық негіздеу, аралас оқытуды жүзеге асыруға қажетті оқытушылардың педагогикалық дизайнды жобалау құзыреттіліктерін дамыту жолдарын анықтау қойылды. Зерттеу үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде аралас оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушылардың қандай құзыреттіліктері қажет екені анықталды. Екінші кезеңде оқытушылардың аралас оқыту үдерісін ұйымдастыруда педагогикалық дизайнды жобалау құзыреттіліктерін бағалау құралдары айқындалды. Үшінші кезеңде аралас оқытуда оқытушылардың педагогикалық дизайнды жобалау құзыреттіліктерін диагностикалық бағалау, оқыту үдерісінде оқытушыларды үйретуге арналған әрекеттер арқылы тұрақты қолдау тәжірибесін жүргізу және экспериментті қорытынды бағалау іске асырылды.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығын классикалық дидактикамен салыстыра отырып, аралас оқытудың дидактикалық ерекшеліктерін анықтау, оны ендірудің маңызды құралы ретінде педагогикалық дизайнның әдіснамалық негіздемесін жасау құрайды. Практикалық маңыздылығын «білім алу», «білімді игеру», «білім құру» дағдыларын игерудің үш деңгейі бойынша ЮНЕСКО ұсынған «Мұғалімдердің АКТ-құзыреттілік құрылымына» сай оқытушылардың педагогикалық дизайнды жобалау құзыреттіліктерін диагностикалау және қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелері құрайды.

Қорытындыда зерттеу сұрақтары бойынша жасалған тұжырымдар және зерттеудің болашағын анықтайтын өзекті бағыттар көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бахишева, С., Таубаева , Ш., Мұхтар, З., & Кажиакпарова, Ж. (2024). Аралас оқытудың дидактикалық мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 282–303. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/524