Орта мектепте химия пәнін CLIL технологиясымен оқыту тиімділігі


Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 47

Авторлар

  • А.Б. Әмірбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7176-4601
  • Р.Н. Нұрділлаева Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9444-737X

Кілт сөздер:

CLIL технологиясы, пән мен тілді кіріктіре оқыту, педагогикалық эксперимент, сауалнама, терминология, тілдік дағдылар, типологиялық іріктеу.

Аңдатпа

Мақалада жалпы орта мектепте химия пәнін оқытуда CLIL технологиясын қолданудың ерекшеліктері көрсетілген. CLIL технологиясы білім алушыларға пән мен тілді кіріктіре оқыту арқылы тілдік коммуникативтік құзыреттіліктерін және көпмәдениетті жеке тұлға қалыптастыруда елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесінде пән мен тілді кіріктіре оқытуда CLIL (Content and Language Integrated Learning) технологиясы кеңінен танылған. Елімізде кіріктіріле оқытылатын шет тілі – ағылшын тілі. Ағылшын тілі мен химия пәнін кіріктіре оқыту 4C қағидасы бойынша жоспарланып, іске асырылған. Қағидаға сүйенсек, оқушының пәндік мазмұнды және шет тілін меңгеру арасындағы тепе-теңдік көрсетіледі.

Химия пәні мен ағылшын тілін кіріктіре оқыту бойынша педагогикалық эксперимент жүргізілді. Оқушыларға пәндік және тілдік дағдыны дамытуға көмектесетін әдістер қолданылды. Білім көрсеткіштерін салыстыру арқылы типологиялық іріктеу әдісімен екі сыныптан эксперименттік және бақылау тобы ретінде 26 оқушы іріктелді. Эксперименттік топта химия пәнін оқытуда CLIL технологиясының элементтері қолданылды. Бақылау тобында сабақтар дәстүрлі әдіспен жүргізілді. Эксперименттік және бақылау тобында химияны оқыту барысында бірдей педагогикалық жағдай жасалды. Пән мен тілді кіріктіре оқытуда терминологияның маңызы көрсетілді, оқушыларға жаңа сөздермен танысып, сөздік қорының артуына мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, CLIL технологиясы негізіндегі мультимедиялық ресурстар (аудиожазбалар) оқушының ағылшын тіліндегі ақпаратты естіп, көріп, қабылдауына, ағылшын тілінде мәтінмен жұмыс жасау – мәтінді түсініп, білімді меңгеруге көмектескендігі көрсетілді. Пәндік білімімен қатар оқушының коммуникативтік қабілеттерінің артуына, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, өз ойын ашық білдіруіне ықпал жасады.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әмірбек, А. ., & Нұрділлаева, . Р. (2024). Орта мектепте химия пәнін CLIL технологиясымен оқыту тиімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 244–258. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/557

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика