Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің шығармашылық әлеуеті арқылы формалды білім беруде актерлік техниканы қолдану


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 52

Авторлар

Кілт сөздер:

шығармашылық, өнер, балалар әдебиеті, формалды оқыту, техника, актерлік шеберлік

Аңдатпа

Мақалада бастауыш білім беру бакалавриатының  формалды оқыту үдерісінде өнер мен шығармашылықтың қаншалықты ықпалды екендігі қарастырылады. Формалды оқытуда шығармашылық әдістерді қолдану, мұғалімнің бірлескен педагогикалық қызметі мен студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру - оқу үдерісіндегі қажетті құрал. Бұл жұмыстың нәтижесінде студенттердің шығармашылық жұмыстарға ынтасы артып, өзін-өзі бағалауына, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. PowerPoint бағдарламасындағы таныстырылым мен дәрістерді қамтитын дәстүрлі оқыту формалары цифрландыру дәуірінде студенттердің қызығушылықтарын оятуға жеткіліксіз, сондықтан оқытушы студенттердің топтық жұмыста тапсырманы еркін орындап қана қоймай, тестілеу мен сынақтан нәтижелі өтулерін де қамтамасыз етуі тиіс.

Зерттеуде шығармашылық пән ретінде К.С.Станиславский, Л.Страсберг, М.А.Чехов сияқты театр режиссерлері  мен мұғалімдердің әзірлеген актерлік шеберлік техникасы ұсынылды. Мақалада сараланған актерлік шеберлік техникасы аясында формалды білім беру бойынша «Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумы» пәні зерттелді. Зерттеуді жүргізу үшін жоғарыда аталған пәнге қатысты актерлік техника негізінде тәжірибелік тапсырмалар мен СӨЖ әзірленді. Жұмыста студенттердің педагогикалық қызметтің алғашқы кезеңінде орын алатын немесе кездесуі ықтимал мәселелер көрсетілді. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің қалыптасу жолындағы проблемаларды шешу жолдары мен тәсілдері ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Люфт, А., Ақпаева, А., & Шнайдер, Д. (2024). Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің шығармашылық әлеуеті арқылы формалды білім беруде актерлік техниканы қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 187–205. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/563

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика