Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың рөлі
Қаралымдар: 83 / PDF жүктеулері: 10
Кілт сөздер:
кәсіптік бағдар беру, инновациялық жобалар, цифрлы технологиялар, цифрлық ресурстар, әдістер, дағдылар hard skills, soft skills, Жаңа мамандықтар атласы, ынтымақтастық, мамандық таңдау.Аңдатпа
Мақалада мектеп оқушыларымен жұмыс істеуде қолдануға болатын кәсіптік бағдар беру жұмысының заманауи әдістері мен технологиялары қарастырылған. Қазіргі заманғы мектептің кеңірек мақсаттарға ұмтылуының маңыздылығы мен еңбек нарығының талабына сай оқушылар бойында болуға тиіс дағдылар соның ішінде тез өзгеретін еңбек нарығына сәтті бейімделу үшін қажетті soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) дағдыларды дамыту талқыланады. Soft skills (жұмсақ) дағдылары сыни ойлау, қарым-қатынас, көшбасшылық және бейімделу қабілеті сияқты жұмыс процесіне сәтті қатысуға жауапты негізгі құзыреттер ретінде қарастырылады. Ал, Hard skills (қатаң) дағдылардың маңыздылығына қарамастан, зерттеулер еңбек нарығындағы табыстың жұмсақ дағдыларға көбірек тәуелді екенін көрсетіледі. Оқушыларға мамандықты саналы түрде таңдау қажеттілігі сипатталады. Сонымен қатар мамандық таңдауға көмектесу үшін жасалған әртүрлі цифрлық ресурстардың мысалдарын, цифрлық технологияның қазіргі мансаптық бағыттағы рөлін атап өтіп, олардың осы процесті қол жетімді және жекелендірілген түрде жасаудағы маңызды жетістіктерін атап өтеді. Сонымен қатар, мақалада «Жаңа мамандықтар атласы» және еңбек нарығы, қабілеттілікті тестілеу сияқты заманауи тәсілдер мен инновациялық жобалар талқыланады. Оқушыларға кәсіби бағдар беруде қолдануға болатын цифрлы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлері кестеге салынып сиппатталады. Кәсіптік бағдар берудің тиімді тетіктерін құру үшін мемлекеттік органдардың, оқу орындарының және бизнес - қоғамдастықтың ынтымақтастығы ерекше атап өтілген. Мектеп оқушыларына болашақ мамандықты таңдауда неғұрлым тиімді және дербестендірілген қолдау көрсету үшін цифрлық технологияларды кәсіптік бағдар беру үдерісіне одан әрі дамыту және интеграциялау қажеттілігі атап өтілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.