Смарт технологияларды оқытуда тәжірибеге бағытталған тәсілді қолдану перспективалары: жүйелі шолу


Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

Кілт сөздер:

тәжірибеге бағытталған тәсіл, жоғарғы оқу орны, smart технологиялар, информатика.

Аңдатпа

Мақала болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда smart технологияларды зерттеуде тәжірибеге бағытталған әдісті қолдана отырып оқыту перспективаларына арналған. Қазіргі уақытта өндірістің даму тенденциялары, қоғамдағы өзгерістер, техникалық және технологиялық прогресс жоғары білім беру жүйесінен сапалы жаңа нәтижелерді талап етеді. Сондықтан болашақта кездесетін мәселелерге бейім кәсіби дайындалған, білімді мамандар туралы мәселе университеттер алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің өзектілігі жоғары оқу орындарында болашақ кадрларды даярлаудың тәжірибеге бағытталған әдісін қолдана отырып жүргізілген ғылыми эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін талдаудан тұрады. Тәжірибеге бағытталған оқыту әдісін қолдану, білім беру процесінің барлық субъектілерімен өзара әрекеттесу кезеңдерін, оқу міндеттерін бірлесіп шешуді, жағдайларды модельдеуді қамтамасыз етеді. Бұл әдістің басқалардан айрықша ерекшелігі - тапсырмаларды практикалық түрде әзірлеу ғана емес, сонымен бірге олардың нақты өмірмен байланысы және мәселелерді шешуге бағытталуы. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу және жүйелеу барысында келесі салаларда: информатика, бағдарламалау тілдерін оқыту, дизаин сияқты ақпараттық технологияларға негізделген бағыттар бойынша практикаға бағытталған әдістерді қолданып жүргізілген зерттеулер алынды. PRISMA әдісі дерекқордан сүзу арқылы алынған ғылыми зерттеулерге қолданылды. Алынған мәліметтер бойынша ақпараттық талдау жүргізілді, сонымен қатар зерттеу тақырыбына сәйкес қолданылатын әдістер мен тәсілдер талданды. Зерттеу нәтижелері тәжірибеге бағытталған әдісті қолдану болашақ мамандар үшін айтарлықтай жақсы нәтиже беретінін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ділдабек A. ., & Ермаганбетова M. . (2024). Смарт технологияларды оқытуда тәжірибеге бағытталған тәсілді қолдану перспективалары: жүйелі шолу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 31–41. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/584

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика