Болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастыру


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 51

Авторлар

Кілт сөздер:

болашақ әлеуметтік педагог, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, бейнелеу өнері.

Аңдатпа

Мақалада  болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктері, маңыздылығы қарастырылған. Әлеуметтік педагогтің мәдени құзыреттілігінің бір бөлігі ретіндегі эстетикалық мәдениет, өмірлік әртүрлі жағдайларға тап болған білім алушыларды оңалтуға, оларға тиімді шешім қабылдау үшін көмектесуге, білім алушылардың ата-аналарын әлеуметтік педагогикалық қолдауға, педагогикалық ұжымдағы жайлы ахуалды сақтауға септігін тигізеді. Студенттердің эстететикалық мәдениетін қалыптастыру аясындағы зерттеулердің тарихы терең болғанымен, болашақ әлеуметтік педагогтердің өз қызметінде оны тиімді пайдалануы, эстетикалық мәдениетті бейнелеу өнері арқылы қалыптастыруы, жаңа зерттеу тақырыбы ретінде ізденістер мен тәжірибелерді қажет етеді. Зерттеудің теориялық бөлімінде эстетикалық мәдениет ұғымына талдау жасалып, ғылыми еңбектердегі эстетикалық мәдениеттің құрылымы қарастырылды. Зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері сарапталды. Тәжірибе жүргізу барысында сауалнама арқылы болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениетінің деңгейі анықталып, студенттер бақылау және эксперименттік топқа бөлінді. Эксперименттік топтағы студенттерге авторлар құрастырған он сағаттық қысқа курс және бейнелеу өнері саласының мамандарынан семинар-практикум ұсынылды. Курс тақырыптары эстетикалық мәдениеттің негізгі ұғымдары мен әлеуметтік педагог қызметіндегі бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері, оны қолдану ерекшеліктерін қамтиды. Семинар-практикумда студенттер көркем шығармалармен танысып, ондағы негізгі ойды «оқуға», шығармадан автор күйін байқауға, өз ойын, көңіл күйін бейнелеу өнерінің техникалары арқылы жеткізуге қатысты білімдерін арттырды. Зерттеу тәжірибесінің нәтижелері талданып, курс пен семинар-практикумның болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастырудағы тиімділігі анықталып, қорытындылар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Иманбакиев, Е. ., & Алгожаева , Н. (2024). Болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениетін бейнелеу өнері арқылы қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 74–88. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/621

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика