Болашақ педагогтардың зерттеу дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 193
Кілт сөздер:
будущий учитель, формирование исследовательских умений, учитель, метод, критическое мышление.Аңдатпа
Ел президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ғылымды
дамыту – біздің аса маңызды басымдығымыз. Еліміздің білім беру және ғылым
саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына
сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу
деген сөз. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз» деп атап көрсетуі,
елімізде болашақ педагогтарға қаншалықты көңіл бөлініп, болашақ педагогтың маман
ретіндегі әлеуеті мен беделінің өсуін көрсетеді [1]. Олай болса, болашақ педагогтардың
маман ретінде жан-жақты дамуы, оның ішінде олардың зерттеу дағдыларының
дамуы бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірден-бірі. Ұсынылған жұмыстың мақсаты,
болашақ педагогтардың зерттеу дағдыларын дамыту ерекшеліктерін теориялық
тұрғыда талдау, болашақ педагог-студенттердің зерттеу жайлы білімдерінің деңгейін
сауалнама арқылы айқындау және олардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша
зерттеу жұмысын өткізіп, нәтижелерін талқылап, ұсыныстар беру.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.