Педагогтердің стреске төзімділігін және кәсіби-тұлғалық ерекшеліктерін бағалау


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • Д.Д. Шакимова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9809-9675
  • Ж.Қ. Аубакирова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4868-7118
  • А.К. Жумыкбаева «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы», Астана, Қазақстан
  • Kehinde C. Lawrence Вальтер Сисулу университетінің білім бөлімі, Баттеруорт кампусы, Оңтүстік Африка https://orcid.org/0000-0002-4740-4630
  • А.С. Нурадинов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7804-3743

Кілт сөздер:

стресс, стреске төзімділік, педагогтертің кәсіби-тұлғалық ерекшеліктері, OPQ кәсіби-тұлғалық сауалнамасы, психологиялық критерийлер

Аңдатпа

Мақала педагогтердің стреске төзімділігін және кәсіби-тұлғалық ерекшеліктерін бағалау туралы мәселелерді қарастыруға арналады. Стресс және оған қарсы тұра алу мәселелері туралы ғылыми тәжірибелер Г.Сельеден бастап шетелдік ғалымдар тарапынан көп зерттелген. Қазіргі таңда отандық ғылымда да стресс және оған төзімділікті, соның ішінде педагогтердің стреске төзімділігін зерттеуге деген қызығушылық артып келеді. Педагогтер күнделікті іс- әрекетінде стресс жағдайларына жиі кездеседі және стреске қарсы тұра алу олардың қызметінің табыстылығының негізгі факторларының бірі болып табылады. Қазақстанда қызметкерлердің, соның ішінде педагогтердің де түрлі ақпараттармен жұмыс істеудегі табыстылығын анықтауға арналған SHL тест - OPQ кәсіби тұлғалық сауалнамасы қолданылады. Бұл сауалнама 1984 жылы жарияланған SHL өнімі. Психологтер командасымен әзірленген, зерттелген, заман талабына сай жетілдірілген бұл сауалнама әлемде кеңінен қолданылатын тұлғалық сауалнама болып табылады. Біздің зерттеу барысында республика педагогтерінің ішінен мектеп басшылығына үміткерлерді іріктеуге арналған OPQ кәсіби-тұлғалық сауалнамасының нәтижелері дереккөз ретінде пайдаланылды. Сауалнама нәтижесіне талдау жасалып, тұлғаның стреске төзімділігі критерийінің психологиялық заңдылықтарының қызметін айқындау көзделді. Педагогтердің стреске төзімділігі сауалнаманың «өзін-өзі басқару» бөлімінде көрсетілген тұлғаның жеке қасиеттерімен байланысты екені анықталды. Мақаланың қорытындысында OPQ кәсіби тұлғалық сауалнамасының 19 психологиялық критерийі бойынша сынақтан өткен 500 педагогтің кәсіби, тұлғалық және құзыреттілік айырмашылықтары статистикалық деңгейде дәлелденді. OPQ кәсіби тұлғалық сауалнамасының «өзін-өзі басқару» бөлімі адамның эмоциясының, оның динамикасының ерекшеліктерін оның күнделікті өмірдегі, қызмет барысындағы стреске төзімділік көрсеткіші ретінде қарастыруға болады деген тұжырым жасауға негіз болды.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шакимова . D. ., Аубакирова . Z. ., Жумыкбаева . A. ., Lawrence, K. C., & Нурадинов A. (2024). Педагогтердің стреске төзімділігін және кәсіби-тұлғалық ерекшеліктерін бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 512–524. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/659