Мұғалімдердің көзқарасы бойынша мұғалім мен мектеп басшысы арасындағы қақтығыс себептері
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 73
Кілт сөздер:
мектептердегі конфликт, конфликт себептері, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі арасындағы қақтығыстарАңдатпа
Конфликт – әлеуметтік өмірді құрайтын жағдай. Конфликт пен келіспеушіліктер жеке тұлғалардың құндылықтары, наным-сенімдері, жеке қасиеттері, мақсаттары мен қабылдауындағы айырмашылықтар нәтижесінде туындауы мүмкін. Білім беру ұйымында мұғалімдер мен басшылар арасында әртүрлі себептерден пайда болған конфликт жиі кездеседі. Дегенмен, екі тарап үшін де туындаған қақтығыстарды болдырмау немесе шешу үшін ынтымақтастық, өзара әрекеттесу және бірлесіп жұмыс істеу өте маңызды.
Зерттеудің мақсаты – мұғалімдердің көзқарасы бойынша мұғалім мен мектеп басшысы арасындағы қақтығыстың себептерін анықтау. Зерттеуге Өскемен қаласының 30 мектебі, оның ішінде қала бойынша қазақ, орыс және қазақ-орыс аралас мектептері және 2019-2020 оқу жылында сол мектептерде жұмыс істеген 432 мұғалім қатысты. Деректер зерттеуге қатысқан мұғалімдер жайында «Жеке ақпарат» анкетасын және «Конфликт себебін анықтауға арналған» сауалнама қолдану арқылы жиналды. Cауалнаманың нәтижесі орташа арифметикалық және стандартты ауытқу көрсеткіштері арқылы анықталды. Зерттеудің нәтижесі мұғалімдердің пікірлері бойынша мектептердегі конфликт «көбінесе» келесі жайттардан туындайтынын көрсетті: “Қағазбастылық”, “Мектеп басшыларының мұғалімдерді үздіксіз және қатаң бақылауда ұстауы”, “Мектеп басшысының мұғалімнің жеке өміріне араласуы”, “Мектеп басшысының жетістікті марапаттаудан гөрі сәтсіздіктерді жазалауды көбірек қолдануы”, “Бір нәрсені қабылдаудағы айырмашылық”, “Мектеп басшысының мұғалімдермен қарым-қатынаста шамадан тыс субординация ұстануы”, “Мектеп басшысының шешімді өзі қабылдағанымен мұғалімдермен кеңескендей күй танытуы”, “Мектеп басшысының мұғалімдерге жоғарыдан қарауы”, “Мектеп басшысының кәсіби біліктілігінің төмен болуына байланысты өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы”, “Мектеп басшысының мұғалімдер арасынан “өз фоворитін” таңдау саясаты”, “Басқару әдістеріне қатысты тараптардың әртүрлі көзқараста болуы”, “ Мектеп басшысының өзіне жақын адамдарға ғана сенуі”, “Мектеп басшысының мұғалімдермен қарым-қатынаста тек жазбаша байланыс түрін пайдалануы”. Қорытындылай айтқанда, Өскемен қаласы мектептеріндегі ахуал қанағаттанарлықсыз және бұл жайтты жою қажет деген нәтиже жасалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.