Колледж оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетін жетілдірудің теориялық бағыттары


Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

Кілт сөздер:

оқытушылар, педагогикалық іс-әрекет, кәсіптік даму, тұлғалық даму, тұлғалық қасиеттер, мотивация, өзіндік сана-сезім, стреске тұрақтылық

Аңдатпа

Мақалада қоғамның қажеттіліктеріне байланысты колледжде оқудың өзектілігі қарастырылады. Қойылған талаптар мұғалімнің оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруына, яғни педагогикалық қызметке байланысты екендігі көрсетілген.

Мақалада колледж оқытушыларының педагогикалық қызметін жетілдірудің теориясын негіздеу және нақтылау мақсатында кәсіби қызметті теориялық зерттеу, талдау, жалпылау, бақылау әдістері қолданылды.

Сондай-ақ, жұмыста колледж оқытушыларының педагогикалық қызметті жүзеге асыру ғана емес, сапалы білім беруге байланысты оны жетілдіру де өзекті мәселе ретінде қойылады. Мақалада педагогикалық қызметті жетілдірудің екі негізгі факторы сипатталған: 1) колледж оқытушысының үздіксіз кәсіби дамуы; 2) тұлғалық дамудың педагогикалық, психологиялық шарттары.

Әдебиеттерді, атап айтқанда отандық зерттеушілердің жұмыстарын талдау нәтижесінде колледж оқытушысының үздіксіз тұлғалық дамуы мен кәсіби дамуының детерминанттары шартты түрде анықталды. Осыған байланысты колледж оқытушысының кәсіби маңыздылығы авторлық нұсқада ерекшеленеді. Колледж оқытушысының педагогикалық қызметін жетілдіруде бірқатар құрылымдар анықталды. Құндылық-мотивациялық сала, өзін-өзі тану, әлеуметтік-психологиялық қасиеттер, кәсіптік-психологиялық денсаулық, кәсіптік білім деңгейі, педагогикалық ұйымдастырушылық ерекшеліктер сияқты педагогикалық қызметті жетілдіруде маңызы бар колледж оқытушысының негізгі тұлғалық детерминанттары қарастырылған. Сондай-ақ кәсіптік даму модельдері келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карипжанова N., Аюпова G., & Гелишли Y. (2024). Колледж оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетін жетілдірудің теориялық бағыттары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 257–269. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/666

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика