Тьюторлық және тәлімгерліктің жаңа үлгілерін дамытудың маңызды бағыттары
Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 80
Кілт сөздер:
тәлімгерлік, реверсивті тәлімгерлік, цифрландыру, білім беру, тьюторлық, жасанды интеллектАңдатпа
Мақалада тәлімгерлік мәселесінің өзектілігі, цифрлық қоғамдағы тәлімгерліктің ерекшелігі анықталып, тәлімгерліктің өзара байланысы көрсетіледі. Студенттерді тьюторлық-психологиялық сүйемелдеу моделі дәйектеліп, тәлімгерлерді даярлау бағдарламасы сипатталады. Тәлімгерлік әлеуметтік құбылыс ретінде кең әлеуметтік спектрге сәйкес келеді және басқа құбылыстар мен процестермен үйлеседі. Мақалада тьютор мен тәлімгердің функциялары анықталған. Колледждегі тьютор қызметі психолог, әлеуметтік қызметкер, топ кураторы, тәлімгер функцияларын қамтиды. Студенттің оқу-кәсіптік дамуын кешенді сүйемелдеу моделін әзірлеу кезінде білім алушыларды білім беру процесінің ғана емес, сонымен қатар өмір сүру процесінің субъектісі ретінде өзінің белсенді ұстанымын дамытуға тарту үшін жағдай жасаудың негізгі қағидаттары ескеріледі; білім алушыларға құндылық сипаттарды жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға көмектесу; студенттің колледждің білім беру кеңістігіндегі қажеттіліктері мен мүдделерін есепке алуға қолдау жасалады. Мақалада тьюторлық-психологиялық сүйемелдеудің міндеттері, атап айтқанда оқушыларға білім берудің жаңа кезеңіне бейімделуге және қажетті оқу іс-әрекеттерін, оның ішінде цифрлық ортаға бейімделуге көмек көрсету; кәсіптік таңдауды және кәсіптік даму траекториясын нақтылау; білім беру процесі субъектілерінің оқу-кәсіптік уәждемесін қолдау және дамыту айқындалған. Колледждің "орнықты даму аймағы" мен "даму және әл-ауқат аумағы (ТЬЮТОРИНГ және БПҰ-дағы психологиялық қызмет)" жобаларын іске асыру жөніндегі қызметіне талдау ұсынылды. Тьюторинг және психологиялық сүйемелдеу орталығы қызметінің мақсаты цифрлық ортада кәсіби қолдау болып табылады: бұл онлайн оқу жұмысын ұйымдастырудан бастап психологиялық ағартуға дейін; қадағалау және интервизиялауға дейін жүргізіледі.