Жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы топтық жұмыс құндылықтары
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 35
Кілт сөздер:
коммуникативті құзыреттілік, қарым-қатынас, тренинг, өзін-өзі дамыту, кәсіби тиімділік, топтық құндылықтар, жасөспірімдер, психологиялық қызмет, коллабарация.Аңдатпа
Мақаланың өзектілігі әр адамның, оның ішінде жоғары сынып оқушыларының өмірінде топтық құндылықтарды дамыту барысында қарым-қатынастағы құзыреттілік пен сауаттылықтың маңыздылығы қарастырылған.Мақалада қазіргі ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «коммуникативті құзыреттілік» түсінігі талқыланған. Тақырыптың мазмұнын тәжірибелік тұрғыда ашу мақсатында, мектептегі жасөспірімдердің коммуникативтік құзыреттілік қабілетін дамыту және топтасып жұмыс жасау формаларының түрлеріне мазмұндық талдау жасадық. Зерттеу пәні ретінде тиімді коммуникация бағдарламасын жүзеге асыру барысындажасөспірімдердіңтоптық құндылықтарының дамуы өзгеріске ұшырады.Эмпирикалық әдіс үш деңгейде жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, эмпирикалық, зерттеушілік. Нәтижесінде математикалық-статистикалық өңдеу және талдау жүргізілді. Оқушылардың сыныпта коммуникативті құзыреттілігін және мінез-құлық компонентін зерттеу үшін өзін-өзі бақылауды бағалау диагностикасының авторы М.Снайдердің әдісі қолданылды, зерттеудің екінші әдісі Ю.З.Гильбухтың аудармасы бойынша Л. Михельсонның «Коммуникативті дағдылар сынағы» топтық құндылықтардың танымдық компонентіне бейімделуді ұсынады. Жалпы коммуникативті төзімділікті диагностикалау бойынша В.В.Бойконың әдістемесі қолданылды. Алынған нәтижелер негізі жоғары сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға топтық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, мазмұнды сөйлеу қабілеттерін арттыруға, өзара келіссөздер жүргізуге, коллабарация бірлескен әрекет жасауға, топтық құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Нәтижесінде, жасөспірімдер коммуникативті жағдайдың дамуын бақылауды және эмоцияларын басқаруды үйренеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.