Ойлау іс-әрекетінде студенттердің әлеуметтік интеллектідегі ерекшеліктерін зерттеу
Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 9
Кілт сөздер:
әлеуметтік интеллект, оқыту, әлеуметтену, қарым-қатынас, тұлға, мінез-құлық, таным процесі.Аңдатпа
Мақалада ЖОО студенттерінің әлеуметтік интеллектісі қарастырылады. Әлеуметтік интеллектіні зерттеу арқылы студенттердің болашақта тұлғалық әлеуметтік жетістікке жетудегі психологиялық ерекшеліктерін анықтау - қазіргі кезеңде өзекті мәселенің бірі. ЖОО студенттерді кәсіби даярлау жүйесінде ықпалы тиетін және оны болашақ өмірге дайындайтын маңызды орынға ие болады. Білім беру ортасы бұл болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін дамыту мен ішкі тұлғалық әлеуметтік бағдарлы қасиеттері тоғысатын өзара байланысты бірге дамытатын кеңістік.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнының студенттері.
Зерттеудің эмпирикалық базасы: Алматы гуманитарлы экономикалық университеті. Зерттеуге жас ерекшелігі 18-21 жас аралығындағы 50 студент қатысты. Зерттеу көрсеткендей, сыналушылардың жоғары әлеуметтік интеллекті бойынша 3%, әлеуметтік ортада, тұлғааралық қарым-қатынаста көпшіл, әлеуметтік бейімділігі жоғары, әлеуметтік интеллект ортадан жоғары көрсеткіші 6% көрсетті. Бұл статистикалық анықталған көрсеткіштермен берілген.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы оның көрсеткіштері әлеуметтік интеллектінің түрлі деңгейлері қарым-қатынас барысындағы ерекшеліктері болжам жасауға мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.