Мектеп жасына дейінгі балалардың нарративті қабілеті арқылы байланыстырып сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
нарратив, байланыстырып сөйлеу, мектепке дейінгі бала- лар, себеп-салдарлы байланыстар, деңгейлері, оқиға құрастыру, символдар.Аңдатпа
Бұл мақала мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуіндегі нарративтік қабілетін дамытудың мәнін, оның теориялық негіздерін және әдістерін зрттеуге арналған. Мектеп жасына дейінгі балалардың нарративінің ерекшелігін, оның даму кезеңдерін, деңгейлерін және оның балалардың сөйлеуін дамытудағы тиімділігін айқындалуға бағытталады. Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін нарратив арқылы дамытудың теориялық негізіне талдау жасау, оның әдістемесінің негізгі артықшылықтарын анықтау. Бұл үшін еліміздегі балалар сөйлеуін дамытуды көздейтін нормативтік-құқықтық актілерге, ғылыми еңбектерге талдау жасап, қазіргі ағымдағы жай-күйін теориялық тұрғыдан зерделенді. Осы мақала аясында балалар нарративі туралы шетел ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалып, негізгі тұжырымдары біздің зерттеуіміздің өзекті мәселелерін анықтауға, даму бағыттарын белгілеуге негіз болды. Біздің зерттеуімізге Н.Е.Вераксаның және О.М.Дьяченконың «Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын реттеу тәсілдері», А. МакКейб «Оқиға құрастырз» әдістемесін пайдаланып балалардың әңгіме құрастыру деңгейіне бақылау жасап, экспериментке дейінгі кезеңін анықтады. Автордың балалардың әңгімелерінің даму деңгейлері, олардың әрқайсысы белгілі бір құрылымды қамтиды жеті деңгейін басшылыққа алып қалыптастыру экспериментін жүргізідік. Осы әдістемені күшейту мақсатында шетел тәжірибесінде тиімділігі дәлелденген Stadler and Ward, Applebee, Stein and Glennдің деңгейлерін тәжірибеде қолдандық. Атап айтсақ: таңбалау, тізбектеу, байланыстыру, бірізділік және баяндау (нарратив) деңгейлері сатылап әңгіме құрастыруды жеңілдетіп тиімділігін тәжірибеде көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.