Білім алушыларға органикалық химияны онлайн оқыту барысында интерактивті технологияларды қолдану
Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 358
Кілт сөздер:
интерактивті технология, мобильді қондырғы, органикалық химия, зерттеу, qr код.Аңдатпа
Мақалада органикалық химияны онлайн оқыту барысында интерактивті
технологияларды қолдану туралы жазылған. Органикалық химия пәнінде
интерактивті технологияны, яғни мобильді қондырғыны пайдалануы туралы ақпарат
берілген. Сонымен қатар, органикалық химия сабағында QR код арқылы мобильді
қондырғыны қолдану қаншалықты тиімді екені зерттеліп, нәтижесі көрсетілген.
Қазіргі уақытта химиялық білім беру сапасын арттыру, білім алушылардың
жеке дамуын дамыту мақсатында жаңа құндылықтарды анықтауға байланысты
мәселелерді, сондай-ақ білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген
қызығушылығы мен адалдығын ынталандыратын оқыту стратегияларының
мәселелерін шешеді. Интерактивті технологияларды қолдана отырып, пәнді
практикада қолданатын интерактивті оқытуға баса назар аударылады.
Сондықтан білім алушылардың мақсаты – ақпараттық коммуникативтік
технологияға қатысты интерактивті білім беру сипаттамаларына және пәннің
қызықты өтуіне негізделген.