Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің копинг-стратегиясының психологиялық ерекшеліктері


Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 48

Авторлар

Кілт сөздер:

копинг-стратегия, күресуші мінез-құлық, құрбан-әйел, стрестік оқиға, конструктивтілік индексі, просоциалды стратегия, асоциалды стратегия.

Аңдатпа

Жеке тұлға үшін мәселелік жағдайда күресу немесе жеңу стратегиясын таңдау өте күрделі және қарама-қайшылықты процесс. Күресу стратегиялары жеке тұлғаның логикасына, жағдайдың маңыздылығына және ішкі психологиялық резервтерге сай жүзеге асады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, құрбан әйелдердің тиімді мінез-құлық моделін әлсіретуші фактор болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алудың бір тәсілі, құрбан-әйелдердің стресстік жағдайда қолданатын копинг стратегиясын анықтау болып табылады.

Зерттеуде копинг феномені және оның құрылымына анықтама беріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің қиын стресстік жағдайда қолданатын копинг стратегияларын қарастырған шетелдік зерттеулерге талдау жасалынған. Эксперименталды зерттеуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен қалыпты отбасындағы әйелдердің өмірлік қиын жағдайда жиі қолданатын копинг стратегияларын салыстыру үшін C.Хобфоллдың «Стресстік жағдайларды жеңу стратегиялары (SACS)» сауалнамасы қолданылды.  Зерттеуден алынған нәтиже бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер стресстік жағдайда көпшілігінде пассивті копинг стратегияны қолданатындығы, яғни мәселені шешуден қашады немесе асоциалды стратегияны, агрессивті әрекеттерге жиі баратындығы анықталды. Математикалық талдаудан алынған нәтиже бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен қалыпты отбасындағы әйелдердің қолданатын копинг стратегиялары арасында ешқандай айырмашылық анықталған жоқ (t>0.005).  Құрбан-әйелдердің күресуші мінез-құлықтың конструктивті копинг-стратегияларының жалпы индексі төмен дәрежені көрсетті. Бұл дегеніміз құрбан-әйелдер жолдасынан, онымен кездесуден қашып, сақтық әрекеттерге баратын  тікелей, пассивті, асоциалды жеңу стратегияларын жиі қолданады. Сондай ақ қалыпты отбасындағы әйелдердің де жалпы конструктивтілік дәрежесі төмен. Оған себеп қалыпты отбасындағы әйелдерде стресспен күресуде просоциалды стратегияның ішінде әлеуметтік байланысқа түсу мінез-құлық моделі төмен және мәселені шешуден қашады, ассертивті, сенімді әрекеттерге ұмтылмайды.

Зерттеуден алынған нәтижелер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмыстарында қолдануда маңызды болып табылады. Өйткені құрбан-әйелдерде конструктивті копинг-стратегияларды қолдануға бейімдеу, зорлық-зомбылықтан шығудың бір жолы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ақымбек, Г., Меңлібекова, Г., Махадиева, А., & Ерниязов, О. (2024). Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің копинг-стратегиясының психологиялық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 183–202. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/837

Журналдың саны

Бөлім

Психология