Қазақстандық ғалымдардың жариялау практикасы: жыртқыш журналдар мен мемлекеттік саясаттың әсерін талдау


Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 29

Авторлар

Кілт сөздер:

жалған, фейк журналдар, жариялану тәжірибесі, жариялау стратегиялары

Аңдатпа

Мақалада жалған журналдардың өсіп келе жатқан проблемасы тұрғысынан қазақстандықғалымдардың заманауи жарияланым тәжірибелері талданады. Ғылыми білімді цифрландыружәне экономикаландыру сияқты жаһандық үрдістердің Қазақстанның академиялық ортасынаәсері қарастырылуда. Қазіргі заманғы көрсеткіштер мен қол жетімділікті пайдаланғанынақарамастан, сапасыз материалдарды жиі жариялайтын жалған журналдар мәселесіне баса назараударылады. Мақалада мұндай журналдардың өсу себептері мен салдары, соның ішіндемемлекеттік саясаттың әсері және ғылыми дәрежелерді қорғау үшін жарияланымдарғақойылатын талаптар талданады. Шен К. мен Бьорк Б. К., Ся Дж. зерттеулері бойынша жыртқыш журналдардың әлеуетті құрбаны ғылыми білімнің өндірістен алыс, дамушы елдермен нақты тәжірибесі жоқ жас ғалымдар болып табылады.  139 ғалым арасында жүргізілгенэмпирикалық зерттеу жариялаудың негізгі мотиві мемлекеттік талаптарды орындау екенінанықтады. Сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі жалған журналдар туралыбіледі, бірақ олардың бір бөлігі пошталық жарнамалар мен делдалдық қызметтер сияқтыықтимал тәуекелдерді көрсететін тәжірибелерді пайдаланады. Нәтижелер жариялау практикасысаласындағы хабардарлық пен білім беруді арттыру қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстандағылыми жарияланымдардың сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарды жетілдіру керектігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Казтаева, С. . (2024). Қазақстандық ғалымдардың жариялау практикасы: жыртқыш журналдар мен мемлекеттік саясаттың әсерін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 328–339. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/951

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану