Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын дамыту
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
жаңартылған білім беру мазмұны, цифрландыру процесі, цифрлық білім беру ресурсы, цифрлық сауаттылық, электрондық оқыту жүйесіАңдатпа
Білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі оның барлық компоненттерінің тігінен де, көлденеңінен де жүйелі өзгеруін анықтайды. Ақпараттық оқытудан
инновациялық оқытуға көшуді қамтамасыз ететін білім берудің жұмыс істеуінің жаңа параметрлері құрылуда. Қазіргі білім беру жүйесінде педагог жаңа, кең және күрделі құзыреттер жиынтығын, соның ішінде цифрлық біліктілікті қажет ететін тез өзгеретін талаптарға тап болады.
Қазіргі заманғы педагог сандық медианы қолдануға дайын, сандық дағдыларға ие болуы керек. Сондықтан, цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мақалада жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын дамыту, білім беру үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың маңызы қарастырылады. Педагогтың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи педагогтарға қажетті құзыреттілік, цифрлық құзіреттіліктің деңгейлері көрсетілген. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану жолдары қарастырылған. Білім беруді цифрландырудың талаптары, цифрлық дағдылардың негізгі түрлері және педагогтің цифрлық сауаттылығының компоненттері және технологиялық инновацияларға көзқарас қарастырылады.
Болашақ педагогтардың өзіндік даму деңгейі мен жұмыс берушілердің талаптары арасындағы қайшылықты анықтау мақсатында зерттеу жүргізіліп, нәтижесі талданған.






