Шетелдік зерттеу университеттерінің моделі: негізгі параметрлері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
шетелдік зерттеу университеттері, инновациялық процестер, желілік модель, жаһандық университет, оқыту және зерттеу интеграциясы, білім мен ғылымды интеграциялау нысандары, зерттеу кешендері, зияткерлік меншікті басқаруАңдатпа
Шетелдік жетекші зерттеу университеттері моделінің негізгі параметрлерін талдауға арналған. Мақалада ғалымдардың ғылыми тәсілдерін талдау негізінде зерттеу университеттерінің шетелдік тәжірибесі, атап айтқанда АҚШ университеттерінің тәжірибесі қарастырылады. Аталған мәселені
зерттеудің жетекші тұғыры шетелдік зерттеу университеттерінің моделіндегі қажетті өзара байланысты есепке алуға мүмкіндік беретін жүйелік тұғыр болып табылады.
Оқыту, зерттеу және академиялық еркіндіктердің үйлесуі; шоғырландырылған қаржыландыру және өзара сараптамалық бағалау тетіктерін пайдалану; кәсіпкерлік пен ғылымның өзара іс-қимылы, студентке бағдарланған тәсіл, жетекші әлемдік университеттерде ұзақ мерзімді университеттік бағдарламаларды жеке қаржыландыру практикасы сияқты шетелдік зерттеу университеті моделінің сипаттамаларына назар аударылады.
Мақалада автор отандық университеттік білім беру жүйесінде шетелдік тәжірибені қолданудың негізгі шарттарын анықтады. Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде шетелдік тәжірибені қолданудың негізгі шарттары ретінде білім мен ғылымды біріктірудің жаңа нысандарын дамыту; қазақстандық университеттердің өндіріспен және бизнеспен байланысын нығайту; жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру процесін тиімді басқару; қаржыландыру көздерінің көптігін қамтамасыз ету, жоғары оқу орны деңгейінде зияткерлік меншікті басқару тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту және т. б. анықталды.






