Ата-аналарынан табысты сепарцияланған жасөспірім жасындағы балалардың тұлғаралық қатынастарының психологиялық ерекшеліктері
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
табысты сепарация, жасөспірімдердің ата-анасынан сепарациясы, конфликтті бостандық, эмоционалды сепарация, жүріс тұрысты сепарацияАңдатпа
Мақалада жасөспірім жасындағы балалардың ата-аналарынан табысты сепарациясының салыстырмалы көрсеткіштері және олардың сепарацияның әрбір түрі бойынша психологиялық ерекшеліктері қарарылды. Бұл жұмыста балалардың сепарациясының деңгейлерін анықтау бойынша зерттеу өткізілді, ата-аналарынан табысты сепарациясымен бір топ және анасынан, әкесінен сепарациясының төмен көрсеткішімен екінші топ анықталды. Жасөспірім жасындағы балалардың ата-аналарынан табысты сепарациясының әр түрінінің тұлғалық ерекшеліктеріне талдау жасалды. Мақаланың жаңалығы қазақстандық іріктемеге аралған сепарацияның түрлерінің нормалараымен анықталынады. Өмірдің осы кезеңіндегі ата-аналардан бөліну процесінің «сәттілігін» анықтайтын бірқатар психологиялық факторлар талданып, анықталды. Алғаш рет қазақстандық үлгідегі орыс тілді ортада PSI әдістемесінің бейімделген орыс тілді нұсқасы қолданылды, ол жасөспірім кезіндегі ата-аналар мен балалар арасындағы
психологиялық алшақтықтың деңгейін анықтауға бағытталған. Эмпирикалық бөлім жасөспірімдередің тұлғаралық қатынастарының ерекшеліктерін және олардың сепарация үдерісімен байланысын зерттейді, сепарацияны қобалжу кезінің коммуникативті элементінің маңыздылығы белгіленеді. Әкеден сепарация және анадан сепарацияның ерекшеліктері бөлек қарарылды. Теоритикалық зерттеу қосымша факторлардың сепарацияның табыстылығына әсерін, Дж.Хоффман бойынша ата-аналарынан сепарацияның түрлерінің анықатамаларын қосады.






