Жоғары білім беруді модернизациялау жағдайында білім беру бағдарламаларының ғылыми-зерттеу компоненті
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Модификация, модернизация, интеграция, ғылыми-зереу компоненті, білім беру бағдарламасы, зерттеу құзіретіАңдатпа
Мақалада білім беру бағдарламаларының үш деңгейінде ұсынылған ғылыми-зерттеу компоненті мазмұнының сапасын арттыру мәселелері қаралды (Бакалавриат – Магистратура – Докторантура PhD). Қазақстандық жоғары оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының қазіргі жағдайы талданды («Білім беру» және «Әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары мысалында). Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау негізінде, сондай-ақ беделді QS World University Rankings ретингтік агенства нәтижелерін, АҚШ, Жапония және Финляндия, т.б. үздік университеттердің озық жетістіктерін саралай келе, бұл елдердің жағымды өсу динамикасы білім және ғылым стандарттарын жасауға оның тиімділігін арттыруға тікелей байланысты. Теориялық білім және зерттеу нәтижелері интеграциясын қарайтын білім беру бағдарламаларының ғылыми-зерттеу компоненттері мазмұнын жетілдіру бағыттары белгіленді.






