Мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми зерттеу даярлығын модификациялаудың маңыздылығы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
мамандардың ғылыми-зерттеу дайындығы, модификациялау, құзіреттілік, инновациялық технология, кəсіби даярлықАңдатпа
Аталған мақала «Шетелдік тəжірибе негізінде мектепке дейінгі білім беру
мамандарының ғылыми-зерттеу даярлығының модификациясы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясындағы зерттеулер негізінде дайындалды. Жоғары оқу орындарындағы мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми-зерттеу даярлығын модификациялаудың тұжырымдамасы, мақсаты, міндеттері, болжамы, əдістері, мазмұны жəне оның нəтижелері мен маңыздылығы сипатталаған. Мамандар дайындаудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтауда педагогикалық, психологиялық əдебиеттерге, нормативтік-құқықтық құжаттарға, отандық жəне шетелдік тəржірибелерге талдау жасалған. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу дайындығын модификациялаудың тенденциялары мен оның маңызы анықталып, болашақ мамандарды даярлауда басшылыққа алатын идеялар мен тəжірибелер жүйесі қарастырылған.






