Мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми зерттеу даярлығын жаңарту жағдайында инновациялық технологияларды пайдалану
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
жаңғырту, құзіреттілік, ғылыми-зерттеу даярлығы, инновациялық технология, кәсіби даярлық, мамандар даярлауАңдатпа
Мақалада мектепке дейінгі білім беру мамандарының ғылыми-зерттеу
даярлығын жаңарту жағдайында инновациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, нормативтік-құқықтық құжаттарға, отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жасалды. Теориялық материалдарды жалпылау және оларды жүйелеу нәтижесінде инновациялық
технологияларды қолдану жолдары, кезеңдері, тенденциялары нақтыланды. Сондай-ақ инновациялық технологияларды практикада тиімді пайдалануға қызығушылық пен мотивацияны анықтау мақсатында «6В012-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» бағыты бойынша 2 курс студенттеріне инновациялық технологияларды іс жүзінде тиімді пайдалануға деген қызығушылық пен мотивацияны анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері ұсынылды.






