Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг бастауыш мектепте білімді тәуелсіз бағалаудың жаңа форматы ретінде


Қаралымдар: 252 / PDF жүктеулері: 128

Авторлар

  • А.Ж. Салиева
  • С.Н. Кожахметова
  • Ю.С. Токатлыгиль
  • А.В. Кармелюк
  • Д.К. Ишанжанова

Кілт сөздер:

ББЖМ, TIMSS, PIRLS, бастауыш мектеп, бастауыш мектеп оқушысы

Аңдатпа

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) педагогикалық
салада да, қоғамдық ортада да үлкен қызығушылық тудырады. ББЖМ бастауыш сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағалауға және білім беру процесін жетілдіру
бойынша ұсыныстар дайындауға арналған. ББЖМ мектептер, педагогтар мен білім алушылар
үшін құқықтық салдарларды көздемейді. Бұл зерттеудің мақсаты – TIMSS және PIRLS халықаралық
зерттеулерімен салыстырғанда бастауыш сынып оқушыларының білім жетістіктеріне мониторинг
ұйымдастыру процедурасын талдау. Ресми сайттарда орналастырылған ББЖМ, TIMSS, PIRLS негізгі
құжаттарына талдау жүргізілді. ББЖМ мен TIMSS, PIRLS арасындағы келесі айырмашылықтар
анықталды: қатысушылардың жас диапазоны; өткізу жиілігі; алдын ала тестілеу; бағалау шкаласы;
тапсырмалардың қиындық деңгейі; тест тапсырмаларының форматы; ұлдар мен қыздардың білім
беру жетістіктерін салыстыру; ата-аналарға сауалнама жүргізу. Сондай-ақ, бастауыш сынып
оқушыларының ұлттық және халықаралық зерттеулерінің нәтижелерінде айырмашылықтар бар.
ББЖМ нәтижелеріне сәйкес оқу сауаттылығы бойынша «қала–ауыл» бөлінісінде ауыл оқушылары
жоғары нәтижелер көрсетті. Оқу және математикалық сауаттылық бойынша оқыту тілі бөлінісінде
салыстырғанда қазақ тілінде білім алушылардың пайдасына болды. Алайда, TIMSS және PIRLS осы
аспектілер бойынша керісінше айтады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – авторлар ББЖМ
процедурасы мен әдіснамасын жетілдіру туралы пікірталастардың бағыттарын анықтады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Салиева, А., Кожахметова, С., Токатлыгиль, Ю., Кармелюк, А., & Ишанжанова, Д. (2023). Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг бастауыш мектепте білімді тәуелсіз бағалаудың жаңа форматы ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 217–227. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/436

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика