Мемлекеттік органның кадрлық жүйесін жетілдіру: психологиялық аспект
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Персоналды басқару, персоналды психологиялық бағалау, мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру, жалдауАңдатпа
Мақала персоналды басқару жүйесіндегі ағымдағы жағдайды және мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, оны жетілдірудің жаңа механизмдерін талдайды. Автор мемлекеттік басқару жүйесіндегі персоналды басқару жүйесінде кездесетін негізгі мәселелерді қарастырады, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке тұрудың заманауи, тәртібін белгілейді. Талдау мемлекеттік орган қызметкерлері үшін мотивациялық картаны әзірлеу қажеттігін көрсетеді. Сондай-ақ, мақалада персоналды басқарудың негізгі бағыттары көрсетілген: адам ресурстарын басқару стратегиясы, қызметкерлерді іріктеу және бейімдеу, олардың жұмысының тиімділігін бағалау, қызметкерлерді ынталандыру және корпоративтік мәдениетті басқару. Кадрлық саясатты дамытудың негізгі мақсаттары, міндеттері, әдістері персоналдың әлеуетін басқару жүйесі ретінде қарастырылды. Айта кету керек, ынталандырудың әмбебап материалдық түрі үнемі маңызды емес.






