Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту диагностикасы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • К.О. Казиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • В.И. Волынкин Астрахань мемлекеттік университеті
  • В.С. Турегалиева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  • Ш.Н. Бисенова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

рефлексия, кәсіби рефлексия, педагогикалық рефлексия, рефлексивті іс-әрекет, өзінөзі дамыту, өзін-өзі тану, рефлексивті біліктілік, оқытудың рефлексивті тұғыры

Аңдатпа

Оқытудың заманауи инновациялық технологиялары субъектінің рефлексвитік үрдістеріне бағдарланады. Кәсіби дайындық барысында тұлға маман ретінде қалыптасады, бұл тек кәсіби рефлексия дамуын анықтайтын жеке факторларды ескерсе ғана мүмкін болады. Рефлексия танымдық процедураның қажетті құрамдас бөлігі және индивидтің маңызды сипаттамасы ретінде анықталады. Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту бойынша олардың талдау және өзіндік талдау, кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту қабілеттерін анықтау бойынша қалыптастырушы эксперимент нәтижелерін талдау ұсынылады.
Біз көздеген мәселенің мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданылатын әдістемелерді анықтадық, олар компоненттер бойынша болашақ педагог-психологтардың рефлексиясының даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мақалада келтірілген әдістемелер әрі қарай болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту үшін оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Казиев, К., Волынкин, В. ., Турегалиева, В., & Бисенова , Ш. . (2024). Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту диагностикасы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 132(3), 75–82. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1814

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика