Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту диагностикасы
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
рефлексия, кәсіби рефлексия, педагогикалық рефлексия, рефлексивті іс-әрекет, өзінөзі дамыту, өзін-өзі тану, рефлексивті біліктілік, оқытудың рефлексивті тұғырыАңдатпа
Оқытудың заманауи инновациялық технологиялары субъектінің рефлексвитік үрдістеріне бағдарланады. Кәсіби дайындық барысында тұлға маман ретінде қалыптасады, бұл тек кәсіби рефлексия дамуын анықтайтын жеке факторларды ескерсе ғана мүмкін болады. Рефлексия танымдық процедураның қажетті құрамдас бөлігі және индивидтің маңызды сипаттамасы ретінде анықталады. Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту қазіргі білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелердің бірі
болып табылады.
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту бойынша олардың талдау және өзіндік талдау, кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту қабілеттерін анықтау бойынша қалыптастырушы эксперимент нәтижелерін талдау ұсынылады.
Біз көздеген мәселенің мақсаттарына қол жеткізу үшін қолданылатын әдістемелерді анықтадық, олар компоненттер бойынша болашақ педагог-психологтардың рефлексиясының даму деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мақалада келтірілген әдістемелер әрі қарай болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту үшін оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге мүмкіндік береді.






