Жоғары оқу орындары студенттерінің қаржылық сауаттылығын дамыту
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
қаржылық білім жүйесі, экономикалық ұғымдар, қаржылық амалдар, қаржылық құралдар, қаржылық пирамида, сапалы және сапасыз қаржылық қызметАңдатпа
Мақалада экономикалық емес мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің қаржылық сауаттылығын дамыту мәселесі және оны шешу бағыттары қарастырылған. Мемлекетіміздің нарықтық экономикаға толық бет бұруы жағдайында ел экономикасының әр саласында еңбек ететін жас маманның алдынан кездесетін әртүрлі қаржылық мәселелер мен оларды шешу үшін жоғары оқу орнында студенттерге қандай мазмұндағы қаржылық білім беру қажеттілігі айқындалған. Студенттерге қажетті қаржылық
сауаттылыққа қатысты білім жүйесінің құрылымы анықталған. Қаржылық ұғымдар, анықтамалар, амалдар және құралдардың мазмұны ашылған. Қаржылық институттар мен нысандардың қаржылық іс-әрекеттеріне
талдау жасалған. Қаржылық жалған амалдармен айналысатын құрылымдар туралы және олардың іс-әрекетіне талдау жасалған. Студенттердің қаржылық білім деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілген және оның нәтижелері бойынша тұжырым жасалған. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың экономикалыққаржылық білім деңгейі анықталған.






