Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді әлеуметтікпедагогикалық оңалту жүйесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
отбасы, зорлық-зомбылық, гендерлік саясат, әлеуметтік-педагогикалық оңалту жүйесі, тұлғалық профильАңдатпа
Мақалада отандық және шетелдік қоғамда отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп отырған әйелдердің әлеуметтік орнын анықтау үшін Қазақстан, Ресей және т.б. мемлекеттердің гендерлік саясаты қарастырылып, отбасылық зорлық-зомбылықтан құрбан болып отырған әйелдерді оңалтудың шетелдік моделдеріне талдау жасалынған. Психологиялық зерттеу арқылы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің тұлғалық профилін қалыптастырып, зерттеу нәтижесінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерді әлеуметтік-педагогикалық оңалтудың неғұрлым тиімді әдістері ұсынылған.






