Оқу әдебиеттерін сараптау технологиясы: мәдени-құндылық және психолингвистикалық аспектілер
Қаралымдар: 157 / PDF жүктеулері: 247
Кілт сөздер:
оқулық, сараптау технологиясы, бағалау критерийлері, мәдени-құндылық, психолингвистика, дескрипторАңдатпа
Мақалада оқу әдебиеттерін әзірлеудегі ең маңызды аспект болып табылатын мәдени-құндылық және психолингвистикалық аспектілерді бағалау әдістемесі туралы айтылады. Оқу материалдарын оқулыққа енгізу кезінде онда ұлттың төл сипаты, мәдениеті, оның дүниетанымдық ерекшелігі, өзіндік мінез-құлқы мен психологиясы көрініс беріп тұру мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені бұл оқушының адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген азамат болып қалыптасуына ықпал етіп, ұлттық сипатымызды сақтап, өз мәдениетіміздің өміршең болуына септігін тигізеді. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін берілген материалдардың оларға түсінікті де қызықты болуы ең басты шарт. Мәтіндік материал қисынды, түсінікті және анық тілде жазылып, мәтіннің күрделілік деңгейі оқушылардың жасына және қабілеттеріне сәйкес келуі тиіс. Тілді қолдану білім алушыларды одан әрі өз бетінше оқуға ынталандыруы қажет. Оқулық тілінің негізгі міндеті – оқушылардың оқу ақпаратын қабылдау жылдамдығы мен оның ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз ету. Мектеп оқулығы сапалы дайындалып, ондағы мәтіндер оқушының тілдік құзыреттілігін орнықтырып, тілдік тұлға қалыптастыруға қызмет етуін қаласақ, сөз болып отырған мәселе әлі де жан-жақты зерттеліп, оқулық мәтініне қойылатын талаптар мен өлшемшарттар мейлінше нақтылана түсуі керек. Сондықтан оқулықтарды бағалау кезінде мазмұнының бала психологиясына сәйкестігін де негізгі аспект ретінде қарастыру қажет. Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында (бұдан әрі – Орталық) жүргізілген ғылыми зерттеулер барысында жасалған талдаулар мен тұжырымдарды негізге алына отырып, оқулықтың осы екі аспектісін ашуға тырыстық.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.