Болашақ педагог-психологтардың эмоционалды интеллектісін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Қаралымдар: 207 / PDF жүктеулері: 1329
Кілт сөздер:
интеллект, эмоция, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, эмпатия, коммуникативті құзыреттілік, эмоцияны басқаруАңдатпа
Мақалада жалпы және танымдық психология, әлеуметтік психология
салаларындағы эмоционалды интеллект проблемалары бойынша заманауи
зерттеулерге теориялық талдау, «эмоция», «интеллект», «эмоционалды
интеллект» ұғымдарының анықтамалары берілген, ғалымдар ұсынған эмоционалды
интеллект модельдеріне талдау жасай отырып болашақ педагог-психологтардың
эмоционалды интеллект құрылымын ұсыну, болашақ педагог-психологтардың жеке
кәсіби қасиеттерін, оның ішінде олардың эмоционалды интеллектісін дамытудың
психологиялық ерекшеліктері қарастырылған.
Сондай-ақ, мақалада болашақ педагог-психологтардың эмоционалды интеллектісін
дамыту моделі ұсынылған. Бұл модель болашақ педагог-психологтың эмоционалды
интеллектісінің құрылымын ескере отырып, мыналарды қамтиды: мақсатты блок,
«Эмоционалды интеллектіні дамыту» курсы, оқу процесін ұйымдастыру формалары,
эмоционалды интеллектіні дамыту әдістері, эмоционалды интеллектінің даму
кезеңдері, болжамды нәтиже.
Оқытудың белсенді әдістеріне негізделген мамандандырылған бағдарламаның
көмегімен эмоционалды интеллектіні қалыптастыру ұсынылған. Болашақ педагогпсихологтардың эмоционалды интеллектісін дамытуда «Эмоционалды интеллектіні
дамыту» курсын қолдану тиімді екенін көрсетіп отыр, оның маңызды бөлігі оқытудың
белсенді әдістерін қолдана отырып топтық сабақтарды өткізу. Алынған нәтижелер
бойынша ұсынылған бағдарламаның тиімділігі эксперимент барысында дәлелденген.
Жұмыс барысында болашақ педагог-психологтардың эмпатия, коммуникативті
құзыреттілік, эмоцияларды бақылау және басқару, эмоционалдық интеллекттің
жалпы деңгейінің жоғарылауы статистикалық мәліметтермен көрсетілген
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.