«Патриоттық мәдениет» ұғымының мәні


Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 124

Авторлар

Кілт сөздер:

мәдениет, патриот, патриоттық мәдениет, патриоттық сана, патриоттық тәрбие, рухани құндылық, мәдени даму

Аңдатпа

 Мақалада «патриоттық мәдениет» ұғымының мәнін анықтауда әр түрлі түсініктер мен ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық  талдауларын зерттеу  арқылы тұжырымдар жасалды. Зерттеу жұмысында  ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,  «патриоттық мәдениет» ұғымының көп қырлы сипаты талданды. Шындығында бұл ұғым адамзаттың санасында сүйіспеншіліктің ең жоғарғы деңгейі ретінде азаматтық борыш, ұлттық бірегейлікті сақтау, өз халқына, еліне деген жауапкершілікті сезіну, тарихын, мәдениетін, тілін қадірлеу арқылы қалыптасады. Адамның санасы рухани құндылықтар жүйесі арқылы дамиды, сол себепті өскелең ұрпақ бойында патриоттық мәдениетті қалыптастыру керек. Осыған орай бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде руханиятқа бет бұрған кезде, патриоттық мәдениет тақырыбы өзекті және маңызды әрі әлеуметтік-мәдени мәнге ие болады. Өскелең ұрпақтың бойында қалыптасқан патриотизмі біртіндеп идеологиялық, азаматтық мазмұнға ие болып, моральдық қана емес, сонымен бірге моральдық-саяси сапаға айналады. Тəуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын, ол - патриоттық мәдениет. Патриоттық мәдениет ұғымы ғылыми тұрғыдан сарапталып, оның толық мəнін айқындау мақсатында, бұл мəселенің теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерттелу керектігіне назар аударылды. Адамзат өзінің рухани дамуында патриотизм идеялары мен сезімдерін бойына сіңіріп, саналы түрде рухани қажеттілікке айналдырғанда ғана патриот бола алады. Сондықтан әр адамның бойында рухани əлемнен орын алатын патриоттық мәдениет қалыптасу үшін «патриоттық мәдениет» ұғымының мәнін айқындау қажет. «Патриоттық мәдениет» ұғымының негізі «мәдениет» болып табылады, ал мәдениет  қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығынан тұрады. Адамның мәдени дамуы – қоғам дамуының мәнді бір саласы болып табылады.    

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каирова, А., & Туребаева, К. (2023). «Патриоттық мәдениет» ұғымының мәні. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 26–36. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/134

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)