Пандемия жағдайында мектептегі білім беру жүйесіне әлеуметтанулық талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.Ж. Мақұлбек Международный университет информационных технологий

Кілт сөздер:

қашықтықтан оқыту, онлайн, жалпы білім беретін мектеп, мұғалім, ата-аналар, оқушылар, COVID-19

Аңдатпа

Мақала пандемия кезіндегі орта білім беру нысандарының білім сапасына
жүргізілген əлеуматанулық зерттеу жұмысының нəтижесіне арналған. Зерттеудің мақсаты мектептегі білім беру сапасына қанағаттанушылық деңгейін анықтау жəне қазіргі жағдайдағы білім беру жүйесінің проблемаларын анықтау болды. Бар тəжірибеге жəне білім беру саласының қашықтықтан оқыту нысандарын пайдалануға белгілі бір дайындығына қарамастан, «онлайн» режиміне жаппай көшу мұғалімдер үшін де, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін де бірқатар проблемалар туғызды. Зерттеуелде коронавирустық инфекцияның таралуын тежеу қажеттілігіне байланысты өзін өзі оқшаулау режимі жағдайында мектепте қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың нəтижелеріне əлеуметтанулық талдау. Практикалық маңыздылығы осындай штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде де, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұлттық даму мақсаттарын одан əрі іске асыру барысында: цифрлық трансформация, экономика мен əлеуметтік саланың, оның ішінде білім берудің «цифрлық жетілуіне» қол жеткізу кезінде теңгерімді жəне басқарушылық шешімдер қабылдау үшін білім базасы мен негіздерді қалыптастырудан тұрады.

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мақұлбек, А. . (2023). Пандемия жағдайында мектептегі білім беру жүйесіне әлеуметтанулық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 140(3), 497–505. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1514

Журналдың саны

Бөлім

Әлеуметтану