Ағылшын тілін оқытуда онлайн-бағдарламалар арқылы университет студенттерінің коммуникативті дағдыларын қалыптастыру
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
Коммуникативті тәсіл, онлайн-оқыту, коммуникативті дағдылар, онлайн-бағдарламаларАңдатпа
Қазіргі уақытта, пандемия тұрғысынан біздің қазіргі әлемде көптеген қиын міндеттер тұр, соның ішінде білім беру саласынан да айналып өтпеді. Қазақ елінің білім беру жүйесі оқыту үдерісін өзгертіп, онлайн режимінде оқытуға бейімделуі керек еді. Осыған байланысты ағылшын тілін оқытуды
жалғастыру барысында тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу сияқты барлық негізгі іс-әрекеттерді дамытудың қолайлы және тиімді жолдарын табу қажеттілігі туындады. Қашықтықтан оқыту кезінде коммуникативті
дағдыларды жетілдіру қиындай түскені анықталды. Коммуникативті тәсілдің басты қағидасы - сабақта оқытылатын лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдарды ауызша да, жазбаша да қолдану. Сонымен қатар, университет студенттерін әртүрлі тиімді онлайн-бағдарламаларға бағыттау қажет болды. Бұл мақалада университет студенттерінің коммуникативті дағдыларын жетілдіруге және қазіргі жағдайдағы оң нәтижелерді анықтауға жоғары дәрежедегі мүмкіндік беретін онлайн-бағдарламаларды игеруге арналған. Коронавируспен күресу қиындықтарына қарамастан, біздің университеттің Шетел тілі теориясы мен практикасы кафедрасының студенттері кедергілерді жеңіп шықты.






