Эвристикалық технологияны білім саласында қолданудың маңызы
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
эвристикалық технология, білім саласы, әдіс, негізгі біліктілік, сыни ойлау, өзіндік жұмыс, өзіндік жүзеге асыруАңдатпа
Мақалада жаһандану жағдайындағы Қазақстанда білім беру мен шетелдік білім беру жүйесінің жаңа парадигмаға көшудегі өзектілігі ашып көрсетіледі, білім берудегі дәстүрлі және заманауи тәсілдері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады, білім беру саласындағы болашақ қызметкерлердің біліктілігін анықтау мақсатында еңбек нарығында жүргізілген мониторинг нәтижесіне сипаттама беріледі. Еуропа Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі қабылдаған негізгі компетенцияларға салыстырмалы талдау жасалып, қабылданған біліктіліктің өзара ұқсастығы мен ерекшелігіне жалпылама түсінік беріледі. «Эвристикалық технология» ұғымының мәні және оның білім берудегі рөлі айқындалады. Эвристикалық технологияның формалары мен әдістері, жұмыс принциптері және оларға арналған тапсырмалар қарастырылады, осы технологияның білім берудегі тиімділігі негізделеді.






