Психофизиологиялық зерттеулерде полиграфты қолдану туралы әлем елдерінің тәжірибесіне теориялық шолу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • З.Б. Мадалиева Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті
  • Г.А. Қасен Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті
  • Н.С. Жубаназарова Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті
  • Л.О. Баймолдина Әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

психофизиологиялық құбылыс, полиграф, «өтірік детекторы», полиграфты тестілеу, психофизиологиялық зерттеу, полиграфты қолдану арқылы сауалнама

Аңдатпа

Мақалада полиграфты қолдану бойынша әлем елдерінің тәжірибесі қарастырылады. Атап айтқанда, полиграфты қолданудың қысқаша тарихы мен қазіргі заманғы тәжірибесі психофизиологиялық зерттеудің осы құралын қолдану бойынша елдердің қолдану салалары мен озық тәжірибелерін
көрсете отырып, талданады және жинақталады.
Мақаланың әдіснамасы ғылыми әдебиеттерді іріктеу, талдау, жүйелеу және логикалық жалпылау нәтижесінде алынған ақпаратты шоғырландыруға; проблеманың нақты жағдайының қазіргі деңгейінжан-жақты сипаттайтын   теориялық материалдар мен ақпаратты аналитикалық және синтетикалық
түсінуге, оны талдау мен бағалауға, сондай-ақ полиграфты қолдана отырып психофизиологиялық зерттеулердің негізгі тенденцияларын, бағыттары мен даму перспективаларын анықтауға негізделген.
Нәтижесінде жастар мінез-құлқының деструктивті тенденцияларын диагностикалау мен ерте алдын-алудағы полиграфтың мүмкіндіктері қарастырылады, полиграфты қолданудың халықаралық тәжірибесі негізінен қылмысқа қарсы күрес болып табылады. Көптеген елдердің заңнамасы полиграфтың көмегімен жүргізілген психофизиологиялық зерттеулердің нәтижелерін қолдануға өте мұқият келеді, өйткені құрылғыны пайдалану ықтималды, ал зерттеу нәтижелері полиграфологтың субъективті
бағалауына негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

17.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мадалиева Z. ., Қасен G. ., Жубаназарова N. ., & Баймолдина L. . (2021). Психофизиологиялық зерттеулерде полиграфты қолдану туралы әлем елдерінің тәжірибесіне теориялық шолу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 137(4), 378–392. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1674

Журналдың саны

Бөлім

Психология