Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдердің психоэмоционалды жағдайдын эмпирикалық зерттеу
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел, жәбірленуші, агрессор, психо-эмоционалды жарақатАңдатпа
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы бүкіл әлем назарын аударып, қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналды. Зорлық-зомбылық әрекеттері әрбір екінші немесе төртінші отбасында орын алады. Оған кез-келген адам жасына, жынысына, нәсіліне, табына, ұлтына, дініне білім және мәдениет деңгейіне қарамастан ұшырай алады. Өкінішке орай, мұндай әрекеттер жүйелі түрде көрінеді және отбасының, жас ұрпақтың, қоғамның әлеуметтік денсаулығына, қоғамдағы тұрақсыздықтың және оның әлеуметтік қанағаттанбау деңгейінің артуына қауіп төндіреді. Тақырыптың маңыздылығы қоғамның негізгі бірлігі және кез-келген мемлекеттің негізі болып табылатын әр отбасының болашақ келешегі үшін айқын. Мақалада отбасылық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері мен салдары көрсетілген. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың әсер ету ерекшеліктері көрсетілген. Зорлық-зомбылық деңгейін төмендету, тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан психологиялық жарақат алған жәбірленушілерге психологиялық көмек көрсету проблемасы өзекті болып отыр.






