Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында иммерсивті технологияларды енгізу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ю.В. Корнилов М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті
  • М.У. Мукашева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • С.М. Сарсимбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

цифрлық трансформациялау, білім беру, иммерсивті технологиялар, виртуалды шындық, толықтырылған шындық

Аңдатпа

Мақалада білім беру саласына елеулі өзгерістер әкелген цифрлық трансформациялау процестері туралы зерттеулердің нәтижелері жинақталған. Мақала авторларының білім берудегі цифрлық трансформациялау процестері аясында иммерсивті технологияларды (виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын) оқытуда пайдалануға қатысты және оны қазіргі болып жатқан өзгерістерге барынша ықпал ететін оқыту тенденцияларының бірі ретінде қарастыру туралы көзқарастары ұсынылған. Цифрлық трансформациялаудың негізгі тенденциялары атап өтілді, олардың арасында иммерсивті технологиялар контактысыз ақпарат алмасудың заманауи технологиялары ретінде жан-жақты сипатталады. Зерттеу барысында педагогикалық кадрларды білім беруде иммерсивті технологияларды қолдануға даярлау мәселелері де қарастырылған. Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының оқытуда виртуалды және толықтырылған шындықты пайдалануға дайындығын анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізу арқылы 454 респонденттен сұхбат алынды (212 оқушы, олардың ата-аналары - 242 адам). Оқушылар мен олардың ата-аналарының виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары туралы хабардарлық деңгейі, білім беру процесінде виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын қолдануға деген көзқарастары анықталды. Бірқатар сұрақтар виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын сабақта қолданудың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының VR/AR технологияларды қолдану неғұрлым мақсатты және нәтижелі болып табылатын пәндер туралы пікірлері анықталды. Зерттеу соңында иммерсивті технологияларды білім беруде қолдану мен дамытудың негізгі бағыттарын анықтауға әрекет жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Корнилов, Ю. ., Мукашева, М. ., & Сарсимбаева, С. . (2023). Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында иммерсивті технологияларды енгізу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 118–132. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1724

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика