Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Н.Р. Кошкинбаева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кілт сөздер:

заман талабы, білім беру, қашықтықтан оқыту, бәсекелестік орта, пандемия, студенттер

Аңдатпа

Коронавирустық пандемияға байланысты елдегі жағдай көптеген өзгерістерге ұшырады. Қауіпті дерттен сақтану барысында бүкіл әлем бойынша білім алушылар мен білім берушілер бір-бірінен ара-қашықтықты сақтап, қашықтықтан білім алуға көшті. Мақалада, бәсекеге қабілетті маман дайындау барысында жүріп жатқан қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған. Қашықтықтан білім алушылардың пікірлерін білу үшін сауалнама құрылып, зерттеу объектісі ретінде қашықтықтан білім алып жатқан мектеп оқушылары және колледж, жоғары оқу орын студенттері қарастырылды. Бұл эксперименттің мақсаты мектеп оқушыларының қашықтықтан оқу барысындағы пікірлерін, колледж
және жоғары оқу орны студенттерінің қашықтықтан білім алуы барысындағы өз білімдеріне деген көз-қарастарын анықтау болды. Сауалнама барысында оқушылар мен студенттерге «өздеріңе қажетті білімді тиісті деңгейде алып жүрсіз бе?», «қашықтықтан білім алу тиімді ме, әлде тиімсіз бе?», «білім алу белгісіз қиындықтар туғызып жатырма?» - деген сұрақтар қойылды.  Сауалнамаға Жамбыл облысының және Шымкент қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері мен жоғары оқу орны студенттері қатысты. Заман талабы бәсекеге қабілетті маман болғандықтан, көп қырлы бәсекеге
қабілетті маман дайындау барысында қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру үшін қажетті «бәсекелестік орта» түсінігіне түсіндірмелер жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кошкинбаева, Н. . (2023). Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 133–139. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1725

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика