Шет тілі сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту кұралы ретінде шынайы материалдың рөлі
Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
құзіреттілік, әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік-мәдени құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, аутентикалық бейнематериалдар, коммуникативті тәсілАңдатпа
Бұл мақалада студенттердің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін аутентикалық бейнематериалдарды қолданудың өзекті мәселелері қарастырылады. Коммуникативтік құзіреттілік құрылымындағы лингвистикалық, әлеуметтанулық, дискурсивтік, әлеуметтік-мәдени компоненттер сипатталған. Коммуникативтік кедергілер және олардың қарым-қатынас үдерісіне әсері қарастырылған. Әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің қалыптасу процесінің критерийлері мен көрсеткіштері көрсетілген. Аутентикалық материалдардың критерийлері лингвистикалық тұрғыдан қарастырылады, іскери шет тілін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы мен рөлі сипатталған.
Оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытудың тиімді әдісі ретінде аутентикалық бейнематериалдарға сипаттама беріледі. Осыған сүйене отырып, аутентикалық бейнематериалдарын қолдана отырып, оқу процесінде шешілетін негізгі міндеттер тұжырымдалады.






